Кез келген бизнеске арналған сұраныс бойынша жеткізу
Жеткізуді бүгіннен бастап өзіңіздің веб-сайтыңыздан немесе қосымшаңыздан бастаңыз. Wolt Drive көмегімен сұраныс бойынша немесе жоспарланған жеткізуді таңдаңыз. Сіздің бизнесіңіз – біздің курьерлер. Қалаған уақытта.
Wolt Drive деген не?
Wolt Drive – бұл жылдам әрі бақыланатын жеткізу, сіздің шарттарыңызға сай. Бір мекеме болса да, жүздеген болса да – бір сағаттан аз уақытта жеткізе аласыз немесе өзінізге ыңғайлы уақыт аралығын алдын ала жоспарлай аласыз. Брендіңіздің тәжірибесі сіздің бақылауыңызда. Күрделі орнатулар жоқ – тек сенімді әрі жылдам жеткізу, сіздің жұмыс тәсіліңізге сай қосылған.
Соңғы шақырымдағы жеткізу: күткеннен де жоғары деңгейде
Жедел және жоспарланған жеткізу
Бір сағат ішінде жеткізіңіз немесе тұтынушыға қолайлы уақытты таңдауға мүмкіндік беріңіз — тікелей таңдау бетінде.
Түсінікті және ашық баға
Тек орындалған жеткізулер үшін төлейсіз. Құнын клиентке толығымен немесе жартылай жүктеу – өз қалауыңызда.
Нақты уақыттағы бақылау
Клиенттер курьердің келе жатқан жерін нақты уақытта бақылай алады. Сіз де бүкіл процесті көріп отыра аласыз .
Сіздің бизнес үдерісіңізге бейімделеді
Бір немесе оншақты мекен жай , бір уақыт аралығы немесе бірнеше – Wolt Drive сіздің тәртібіңізге оңай бейімделеді. Уақытты сіз белгілейсіз, біз жеткіземіз.
Жоғары бағаланған қолдау қызметі
Ботпен емес адаммен сөйлесесіз. Чаттардың 96%-ы «өте жақсы» деп бағаланады, жауап беру уақыты – бір минуттан аз.
Сіз сияқты бизнес өкілдері бізге сенім артады
Wolt Drive-ты өзіңізге ыңғайлы түрде біріктіріңіз
Wolt Drive API
Жеткізу процесін толық автоматтандыру үшін Wolt Drive API арқылы жеке жұмыс ағындарын құрыңыз.
Серіктестермен интеграция
Wolt Drive-ты интернет-дүкеніңізге немесе онлайн тапсырыс жүйеңізге арнайы плагиндер мен серіктестер арқылы қосыңыз.
Wolt Drive веб-қосымшасы
Браузер арқылы жеткізуді бірнеше минутта бастаңыз. Техникалық мамандар қажет емес – тек шұғыл немесе жоспарланған жеткізу.
Wolt Drive қалай жұмыс істейді
Клиенттер тапсырысты веб-сайтыңызда немесе қосымшаңызда береді. Wolt Drive тікелей төлем процесіне біріктіріледі – қайта бағыттаусыз.
Тапсырысты қабылдаңыз және өз кестеңіз бойынша дайындаңыз. Қашан жөнелтілетінін сіз шешесіз.
Дереу жіберіңіз немесе кейінірек жеткізуге жоспарлаңыз. Енді «сол уақытта жеткізе алмаймыз» деген жоқ.
Курьер сіз дайын болғанда келеді. Жеткізу 30–60 минут ішінде немесе нақты кесте бойынша жасалады .
Әр кезеңді қадағалаңыз. Сіздің клиенттеріңіз де жеткізуді нақты уақытта көре алады. Қолдау қызметіміз әрдайым көмектесуге дайын.
FAQs
Егер менің бизнесім Wolt қолданбасында болмаса, Wolt Drive қолдана аламын ба?
Клиенттер тапсырысты міндетті түрде Wolt арқылы беруі керек пе?
Орташа жеткізу уақыты қанша?
Менің бизнесім үшін Wolt Drive сәйкес келе ме?
Wolt Drive бағасы қандай?
Жеткізуді бүгіннен бастаңыз
Бургер ме, кітап па – Wolt Driveпен бәрі жылдам жеткізеді. Ендеше, неге күтесіз?