Wolt Rewards бағдарламасы - Қазақстан
Шарттар
Wolt Сыйақы бағдарламасы ("Бағдарлама") Wolt компаниясының ("Wolt", "біз", "біздің" немесе "бізге") меншігінде және басқаруында. Осы Wolt Сыйақы бағдарламасының Шарттары ("Сыйақы бағдарламасының Шарттары") сіздің ("Пайдаланушы", "Пайдаланушылар" немесе "сіз", "сіздер") және Wolt компаниясының және (немесе) оның үлестес тұлғаларының арасында белгіленеді және біздің тиісті құқықтарымыз бен міндеттемелерімізді реттейді. Бағдарламаға сонымен қатар сіз тұратын елде Wolt Сервисінің мақсаттары үшін қолданылатын біздің Пайдаланушыларға қызмет көрсету шарттарымыз (Пайдалану шарттары) және Wolt Құпиялылық саясаты, сондай-ақ барлық басқа қолданылатын шарттар, ережелер, шектеулер мен талаптар таралады және олар осы Сыйақы бағдарламасының Шарттарына қолданылады және оларға сілтеме арқылы кіргізілген. Осы Сыйақы бағдарламасы Шарттарының мәтінінде бас әріппен жазылып пайдаланылатын барлық терминдер Пайдаланушларға қызмет көрсету шарттарындағы мағынамен бірдей мағынаға ие. Сыйақы бағдарламасының Шарттары Бағдарламамен бірге пайдалану үшін жасалатын кез келген жарнамалық ұсыныстармен байланысты қолданылатын шарттармен бірге Бағдарламаға қатысты сіздің және Wolt компаниясының арасындағы толық келісім болып табылады. Wolt өзінің ұйғаруы бойынша Сыйақы бағдарламасының Шарттарын және Бағдарламаның өзін жаңартуға немесе тоқтатуға құқылы. Егер біз Сыйақы бағдарламасының Шарттарына өзгеріс енгізсек немесе Бағдарламаны тоқтатсақ, біз сізге электрондық пошта арқылы хабарлауымыз және (немесе) Сыйақы бағдарламасының жаңа Шарттарын Wolt вебсайтына орналастыруымыз мүмкін. Сіз Бағдарламаға қатысып немесе онда қалып, Сыйақы бағдарламасы Шарттарының кез келген жаңартылуына келісесіз.
Қатысуға құқық және тіркеу
Wolt Сервисінің тіркелген пайдаланушылары болып табылатын жеке тұлғалар Бағдарламада автоматты түрде тіркеледі. Бағдарламаға қатысуға рұқсатты сақтауыңыз үшін бізде Wolt аккаунтын (есптік жазбасын) ("Аккаунт") белсенді күйде сақтауыңыз керек.
Артықшылықтар
(1) Wolt Ұпайлары
Пайдаланушылардың Wolt Сервисінде егжей-тегжейлі анықталғандай, кез келген қолданылатын жеңілдіктерді немесе науқандарды қолданғаннан кейін Тауарлардың аралық қорытындысының жалпы сомасының негізінде Wolt Ұпайларын ("Ұпайлар") алуға құқығы бар. Тапсырысқа байланысты төленген кез келген басқа алымдар, соның ішінде, басқасына қоса, шайпұл, жеткізу төлемі, қызмет көрсету төлемі және басқа үстемелер Тауарлардың аралық қорытындысының сомасын алынып тасталады және оларға Ұпай есептелмейді. Егер Wolt Сервисінде басқаша көрсетілмесе, Ұпайды тапсырыстардың барлық түрі үшін алуға болады. Белгілі бір тауарлар бойынша шектеу қолданылуы мүмкін. Егер топтық тапсырыстағы қонақтар тапсырыс ақысын Wolt Сервисінде төлемесе, олардың Сыйақы алуға құқығы болмайды. Пайдаланушының Аккаунты бар елдің шегінде тиісінше тауар сатып алғаны үшін ғана Пайдаланушылардың Wolt Ұпайларын жинақтауға құқығы бар. Сатып алудың кейбір түрлері, мысалы сыйлық картасын сатып алу, қайырымдылық жасау немесе белгілі бір шектеулі тауар сатып алу Wolt Ұпайларын жинақтауға құқық бермейді.
(2) Тапсырмалар
Уақыты шектелген белгілі бір науқандар, соның ішінде, басқасына қоса, белгілі бір орындардан тауарларға тапсырыс беру, тапсырысқа белгілі бір тауарларды қосу немесе тапсырыстардың белгілі бір санын орындау қосымша Ұпайлар ("Тапсырмалар") алуыңызға мүмкіндік береді. Сіз жинақтаған Ұпайларды, Wolt Сервисінде егжей-тегжейлі анықталғандай, Тапсырмаларды орындай отырып пайдалануыңыз керек.
(3) Түпкі ресімдеу, түзету және жауапкершіліктен бас тарту
Ұпайлар Тапсырыс аяқталғаннан кейін немесе – Тапсырмалар жағдайында – сіз Wolt Сервисінде Ұпайларды сұраған бойда түпкілікті ресімделеді және сіздің Аккаунтыңызда қолжетімді болады. Айырбастау коэффициенті және Ұпайларды есептеп жазудың кез келген қағидалары сізге Wolt Сервисі арқылы хабарланады және оларға біздің ұйғаруымыз бойынша тиісті уақытта өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бағдарлама шеңберінде алынған Ұпайлардың ақшалай құны жоқ, оны табыстауға болмайды, басқа өнімнің немесе қызметтің есебіне айырбастауға немесе қайтаруға болмайды және ақшалай өтеуге жатпайды және сіздің Ұпайларға меншік құқығыңыз жоқ. Егер сатып алынған тауардың барлығы немесе бір бөлігі қайтарылған, күші жойылған, өтелген, ауыстырылған, жоғалған болса немесе егер Ұпайлар осы Сыйақы бағдарламасының Шарттарын немесе Пайдаланушыларға қызмет көрсету шарттарын бұзатын алаяқтық немесе басқа да әрекеттердің нәтижесінде алынған болса, онда біз өз ұйғаруымыз бойынша анықтайтындай, сіздің Аккаунтыңызға есептеп жазылған Ұпайлардың күші жойылады, азайтылады немесе жойылады. Біз сіздің тарапыңыздан немесе үшінші тұлғалардың тарапынан жасалған алаяқтық әрекеттердің салдарынан жоғалған немесе жұмсалған Ұпайлар үшін жауапкершілік көтермейміз. Біз жоғалған, ұрланған немесе басқа жолмен жойылған Ұпайлар үшін жауапкершілік көтермейміз. Бағдарлама арқылы бізден басқа қандай да бір тұлға ұсынғанда Ұпайларды сатуға, бартер жасауға, табыстауға, айырбастауға, біріктіруге немесе шегініп беруге тікелей тыйым салынған. Бағдарлама шеңберінде алынған Ұпайларға байланысты туындайтын кез келген қолданылатын салық міндеттемелері Пайдаланушының жауапкершілігі болып табылады.
(4) Өтеу
Пайдаланушылар заңды түрде иелік ететін Ұпайларды Пайдаланушының Аккаунты бар елде тапсырыстарға төлеу жолымен жұмсай алады. Пайдаланушы Wolt жүйесінде зат сатып алған, төлем жасаған ("Тапсырысты ресімдеу және ақысын төлеу") кезде Ұпайларды Wolt ережелеріне сәйкес жергілікті валютамен өзара алмастырылатын негізде пайдалануға болады. Тапсырысты ресімдеу және ақысын төлеу кезінде Ұпайларды жергілікті валютаға қатысты айырбастаудың құны тиісті уақытта біздің ұйғаруымыз бойынша өзгертілуі мүмкін.
(5) Ұпайлардың күйіп кетуі
Ұпайлар, мысалы, Ұпайды пайдалану, Ұпай алу немесе Тапсырма орындау жолымен Ұпай алу сияқты Пайдаланушының белсенділігіне ("Тиісті белсенділік") байланысты күйіп кетеді. Ұпайларыңыздың күйіп кететін күні серпінді және әрбір Тиісті белсенділіктен кейін қайта есептеледі. Егер сізде қатарынан Х ай бойы Тиісті белсенділік болмаса, барлық Ұпайларыңыз келесі айдың бірінші күні автоматты түрде күйіп кетеді. Күйіп кеткеннен кейін барлық Ұпай сіздің Аккаунттан жойылатынына және одан кейін оны қалпына келтіруге немесе кейін пайдалануға болмайтынына назар аударыңыз. Сіз кез келген уақытта оның күйіп кететін күнін Wolt Сервисінде тексере аласыз.
Тоқтату және өзгерістер
(1) Бағдарлама және оның артықшылықтары біздің өз ұйғаруымыз бойынша ұсынылады. Біз өзіміздің ұйғаруымыз бойынша осы Сыйақы бағдарламасы Шарттарының, Бағдарламаның немесе Бағдарламаның кез келген аспектісінің немесе функциясының қолданысын кез келген уақытта алдын ала ескертусіз жоя аламыз, өзгерте аламыз, шектей аламыз немесе тоқтата аламыз, бұл ереже тіпті осындай өзгерістер жинақталған немесе алынған Ұпайлардың құнына және (немесе) жинақталған Ұпайларды пайдалану мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін болса да қолданылады.
(2) Сіздің Аккаунт жабылғаннан кейін сіздің Аккаунттағы Ұпайлар жойылады. Жойылған Ұпайлар одан әрі айырбастауға жатпайды және оны қандай да бір тапсырысқа төлеуге пайдалануға болмайды.