Сәлемдемелерді жеткізу бойынша Wolt сервисін пайдалану шарттары – Қазақстан
Сәлемдемелерді және өзге де жеке заттарды жеткізу бойынша Wolt сервисін пайдалана отырып, сіз осы Сәлемдемелерді жеткізу бойынша Wolt сервисін пайдалану шарттарымен келісесіз («Сәлемдемелерді жеткізу шарттары»). Сәлемдемелерді жеткізу бойынша қызметке тапсырысты ресімдегенге дейін осы Сәлемдемелерді жеткізу шарттарымен мұқият танысуды сұраймыз. Осы Шарттармен келіспеген жағдайда, осы бөлікте Wolt Сервисін пайдалануға жол берілмейді. Осы Сәлемдемелерді жеткізу шарттарын бұзу сіздің Wolt есептік жазбаңызды өшіруге әкелуі мүмкін.
Егер сіз Wolt for Work есептік жазбасын қолдансаңыз, осы Сәлемдемелерді жеткізу шарттары сондай-ақ сіз Wolt for Work функциясы арқылы жеке заттарды жеткізуге тапсырыс берген кезде осы функцияға қол жеткізуге қолжетімділік ұсынған Wolt for Work Клиент-ұйымына да қолданылады. Осы Сәлемдемелерді жеткізу шарттары мен Клиент-ұйымға қолданылатын Wolt Корпоративтік шарттары арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда, Wolt Корпоративтік шарттарының басым күші болады.
Осы Сәлемдемелерді жеткізу шарттары сіздің орналасқан еліңізде қолданыста болатын Wolt Қызмет көрсетудің пайдаланушылық шарттарына қатысты қосымша болып табылады. Сәлемдемелерді жеткізудің осы шарттарымен реттелмеген сәлемдемелерді жеткізуге байланысты барлық мәселелер жергілікті жерде қолданыстағы Пайдаланушы қызмет көрсету шарттарымен реттеледі. Бас әріппен жазылған және осы құжатта жеке айқындалмаған кез келген терминдердің жергілікті жерде қолданыстағы Пайдаланушылық қызмет көрсету шарттарында белгіленген мәні болады.
Сәлемдемелерді жеткізу бойынша қызметтердің сипаттамасы
Сәлемдемелерді жеткізу қызметі қол жетімді жеткізу аймағы шегінде сәлемдемелерді және басқа да жеке заттарды бір мекен-жайдан екіншісіне жеткізуге арналған. Тапсырыс Wolt қолданбасы немесе Wolt веб-сайты арқылы жасалуы мүмкін. Жеткізуді Wolt-пен келісім-шарт жасасқан серіктес- курьерлік қызмет жүзеге асырады. Wolt Сәлемдемелерді жеткізу қызметі, сондай-ақ оның барлық қызметтері кез келген уақытта немесе Wolt қызметі қолжетімді болатын кез келген аймақта қолжетімді болатынына кепілдік бермейді.
Сәлемдемелерді жеткізуге тапсырыс беру кезінде оны орындау үшін қажетті ақпаратты беруіңіз қажет, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей: алу мекен-жайы және жеткізу мекен-жайы, сәлемдемені жөнелтушінің және алушының аты және телефон нөмірі, сонымен қатар жеткізілуі қажет сәлемдеменің ішіндегісі туралы кейбір мәліметтер. Сәлемдемені жеткізу қызметіне тапсырыс расталғаннан кейін және оны Wolt қабылдағаннан кейін, Wolt сізге растама мен өзіңіздің тапсырысыңызды бақылау мүмкіндігін береді. Wolt Сервисінде көрсетілген жөнелту, алу және жеткізу уақыты болжамды сипатта болады. Wolt сіздің сәлемдемеңіз белгіленген мерзімде алынуына немесе жеткізілуіне кепілдік бермейді.
Сіз жіберушінің алудың болжамды уақытында белгіленген мекен-жайда болуын және сәлемдемені серіктес-курьерлік қызметке беруін қамтамасыз етуге жауапкершілік көтересіз. Сондай-ақ сіз сәлемдеменің дұрыс және қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуіңіз керек: заттар бекітіліп, қораптар жабық болуы тиіс. Егер сәлемдемеде сынғыш заттар болса, ол тиісті дәрежеде түрде оралуы тиіс, соның ішінде көпіршікті пленка сияқты қолайлы орау материалдарын қолдана отырып, және тапсырысты ресімдеу кезінде қоса берілетін жеткізу жөніндегі нұсқаулықта да, қаптаманың өзінде де «сынғыш» деп нақты белгіленуі тиіс. Сондай-ақ, сіз алушының жеткізілім уақытында серіктес- курьермен кездесу үшін көрсетілген мекен-жайға келуіне, және егер қадағалау жүйесі PIN код көрсетсе, оны сәлемдеменің алынғанын растау үшін серіктес-курьерге ұсынуына жауапкершілік көтересіз.
Егер сәлемдемені жөнелтуші немесе алушы жоқ болса, немесе серіктес-курьерлік қызмет немесе и Wolt үшін қолжетімсіз болса, немесе егер алушы сәлемдемені қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Wolt жеткізуге берілген тапсырысты жоюы мүмкін, бұл ретте сізден жеткізудің толық құны алынатын болады. Wolt сізге жеткізілмеген сәлемдемені жөнелтушіге қайтару тәртібі туралы хабарлайды. Егер жөнелтушінің сәлемдемені қайтарып алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, Wolt үшін қандай да бір жауапкершіліксіз, оны жіберушінің мекен-жайы бойынша қараусыз қалдыруға болады (мысалы, есіктің алдында).
Сәлемдемені жеткізу жеткізу ресімделгеннен кейін және Wolt қабылдағаннан кейін оны жеткізуге тапсырысты жою мүмкін емес. Wolt тұтынушылардың тапсырыстан бас тарту құқықтарына қатысты қолданыстағы заңнамада көзделген шектеулерді сақтайды, оған сәйкес бас тарту құқығы нақты орындау күнін немесе мерзімін көздейтін тасымалдау шарттарына қолданылмайды.
Шарттық қатынастар
Сәлемдемені жеткізуге тапсырысты ресімдей отырып және оны Wolt қабылдағаннан кейін, сіз өзіңіздің орналасқанеліңізде қолданыстағы Пайдаланушылық қызмет көрсету шарттарында көрсетілгендей, Wolt субъектісімен міндеттеуші сатып алу туралы келісім жасасасыз.
Wolt жеткізуді өз бетінше жүзеге асырмайды, сіздің тапсырысыңызды серіктес-курьерлік қызметпен байланыстыратын технологиялық платформаны ұсынады. Сіздің Сәлемдемені жеткізуге тапсырысыңыздың орындалуы серіктес-курьерлік қызметтің қолжетімділігіне байланысты, және Wolt өз қалауы бойынша сәлемдемені жеткізу тапсырысын жою немесе тапсырыстан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Төлем
Wolt сізден жеткізу ақысын, сондай-ақ ықтимал қызмет көрсету ақысын және Сәлемдемені жеткізуге берген тапсырысыңыз үшін басқа да қосымша төлемдерді (егер бар болса) алады, бұл тапсырыс беру сәтінде Wolt Сервисінде егжей-тегжейлі көрсетіледі.
Көрсетілген мекен-жай бойынша жеткізу аяқталғаннан кейін төлем автоматты түрде алынатын болады. Wolt тапсырыс беру кезінде пайдаланылған банк картасындағы қажетті соманы оны орналастыру кезінде бұғаттауға құқылы. Сіз осы Жеткізу шарттарын бұзған жағдайда, тіпті егер жеткізу болмаса да, сізден тапсырыстың толық құны алынатынымен келісесіз.
Сервистің шектеулері
Көлемі мен құны бойынша шектеулер. Сіздің Сервис арқылы жеткізілетін сәлемдемеңіз тапсырыс берілген сәтке дейін Wolt Сервисінде белгіленген салмақ пен габарит бойынша лимиттерден аспауы тиіс. Сонымен қосымша Wolt Сервисінде анықталған жеткізілетін тауарлардың ақшалай құнына қатысты кез келген шектеулерді сақтау қажет.
Тыйым салынған заттар. Сервисті тыйым салынған заттарды жөнелту үшін пайдалануға жол берілмейді. Ондайларға жатады: (i) заңсыз заттар немесе заңсыз қызметпен байланысты заттар; (ii) ұрланған заттар немесе жөнелтушінің немесе алушының иеленуге заңды құқығы жоқ заттар; (iii) атыс қаруы, қару-жарақ және олардың құрамдас бөліктері; (iv) алкоголь, темекі бұйымдары (электрондық сигареттер мен вейптерді қоса алғанда) немесе дәрі-дәрмектер; (v) қолма-қол ақша; (vi) жануарлар және денсаулыққа қауіп төндіретін биологиялық материалдар; (vii) қауіпті, жарылысқа қауіпті немесе уытты жүктер, жарылғыш заттар мен бұйымдарды, газдарды, тез тұтанатын сұйықтықтар мен қатты заттарды, тотықтырғыштар мен органикалық пероксидтерді, уытты және инфекциялық заттарды, радиоактивті материалдарды, улы заттарды қоса алғанда және сіз орналасқан елдің қолданыстағы заңдары мен нормативтік актілерінде егжей-тегжейді сипатталғандай, тасымалдау кезінде қауіп төндіретін басқа да қауіпті заттар мен бұйымдар.
Егер сәлемдеме белгіленген шектеулерден асып кетсе немесе сәлемдемеде тыйым салынған заттар бар екені анықталса, серіктес-курьерлік қызмет сәлемдемені жеткізуден бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда тапсырыс берушіден жеткізудің толық құны өндіріледі.
Жауапкершілік
Сәлемдеменің жоғалғаны немесе зақымданғаны үшін Wolt жауапкершілігі зақымдалған заттардың нарықтық құнымен шектеледі және залал Wolt кінәсінен болған жағдайда ғана орын алады. Сіз Сәлемдемені жеткізудің осы шарттарын сақтамаған жағдайда Wolt жауапкершілігі толығымен алынып тасталады.
Сізге, үшінші тарапқа немесе Wolt-қа сіздің сәлемдемеңіздің ішіндегісін тасымалдау немесе Сәлемдемелерді жеткізу бойынша осы шарттарды сақтамау нәтижесінде келтірілуі мүмкін кез келген зиян немесе залалдар үшін сіз жауапкершілік көтересіз.
Wolt-тың тауардың жанама зақымдануы немесе жоғалуы үшін жауапкершілігі алынып тасталады. Wolt-тың Сәлемдеме жеткізу сервисінің көмегімен жеткізілген тауардың тікелей зақымдануы немесе жоғалуы үшін жауапкершілігі тапсырыстағы зардап шеккен тауарлардың нарықтық құнымен шектеледі. Wolt тауардың зақымдануы немесе жоғалуы Wolt кінәсінен болған жағдайларда ғана жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сіз Сәлемдемелерді жеткізу бойынша осы шарттарды сақтамаған жағдайда Wolt жауапкершілігі үзілді кесілді алынып тасталады.
Егер сіз немесе сізбен тағайындалған жөнелтуші немесе алушы сіздің Сәлемдемелерді жеткізуге тапсырысыңызға байланысты келесі әрекеттерге жол берсеңіз, сіздің Wolt Сервисіне қолжетімділігіңіз шектелуі немесе уақытша тоқтатылуы мүмкін екенімен келісесіз: (i) Сәлемдемелерді жеткізу Сервисін заңсыз мақсаттарға немесе заңсыз жолмен пайдалану; (іі) Wolt Сервисін теріс пайдалану немесе Wolt Сервисін пайдалануға, серіктес-курьерлік қызметтерге немесе Wolt қызметкерлеріне қандай да бір зиян немесе залал келтіру; (iiі) алаяқтық әрекеттер; (iv) жалған тапсырысты орналастыру, мысалы, төлемеу немесе алу немесе тапсыру пунктіне келмеу немесе Сәлемдемелерді жеткізудің осы шарттарын өзге де сақтамау; немесе (v) қорқыту, қудалау, нәсілшілдік, сексизм көрінісі немесе Wolt курьерлеріне немесе қызметкерлеріне қатысты Wolt қолайсыз деп танылған кез келген мінез-құлық.
Құпиялылық
Сәлемдемелерді жеткізу тапсырысына байланысты Wolt-қа аты, мекен-жайы немесе телефон нөмірі сияқты жеке деректерді беру арқылы сіз деректерін ұсынатын адамның келісімін алғаныңызды растайсыз. Сіз сондай-ақ мұндай адамға Wolt немесе серіктес-курьерлік қызмет көрсетілген телефон нөмірі арқылы хабарласа алатынын, және оның Wolt арқылы берілген жеке деректері біздің Құпиялылық саясатымызға сәйкес өңделетінін хабарлағаныңызды растайсыз.
Өзгерістер
Осы Сәлемдемелерді жеткізу шарттары мезгіл-мезгіл жаңартылып отыруы мүмкін. Wolt Сәлемдемелерді жеткізудің қайта қаралған шарттарын Wolt Сервисінде жариялайды және Пайдаланушыларға Сәлемдемелерді жеткізудің осы шарттарындағы елеулі өзгерістер туралы не Wolt Сервисі арқылы, не Wolt Пайдаланушысы ұсынған мекен-жайға электрондық пошта арқылы хабарлайды.
Егер сіз Сәлемдемелерді жеткізудің қайта қаралған шарттарымен келіспесеңіз, сәлемдемелерді жеткізу қызметін пайдалануды тоқтатуыңыз керек. Сәлемдемелерді жеткізу жөніндегі сервисті пайдаланудың нақты басталуы тапсырысты орналастыру сәтінде Wolt Сервисінде жарияланған Сәлемдемелерді жеткізудің осы шарттарымен келісуіңізді білдіреді.
Соңғы жаңартылуы: 9 қыркүйек 2025 ж.