Wolt серіктестерінің комиссиялары мен алымдарын түсіну

Wolt серіктестерінің комиссияларының, алымдарының және төлем циклдерінің сипаттамасын алыңыз. Төлемдер қалай алынатынын және Wolt төлемінің қорытындысын қалай оқу керектігін біліңіз.

Шолу

Wolt-та комиссиялар мен сатушы алымдарының қалай алынатынын білу арқылы шығындарды қадағалап, дұрыс жоспарлап, төлем циклдері кезінде тосын жағдайларға тап болмайсыз. Бұл нұсқаулықта әрбір төлемнің мағынасы мен себебі берілген. Wolt алатын комиссиялар мен алымдар Wolt-пен арадағы келісіміңізде толық сипатталған.

Wolt комиссиялары әдетте нені қамтиды?

Wolt Marketplace сайтына бизнесіңізді қосқан кезде, платформамыз арқылы өңделген әрбір тапсырыс үшін «комиссия мөлшерлемесі» деп аталатын тапсырыстың аралық сомасының пайызын төлейсіз.

Тапсырыстың орындалуына байланысты комиссиялардың бірнеше түрі бар:

  • Стандартты жеткізу комиссиясы: Wolt курьерлері жеткізетін тапсырыстарға қолданылады.

  • Wolt+ комиссиясы: Әдетте себет өлшемі үлкенірек немесе тапсырыс үшін көбірек ақша жұмсайтын Wolt+ жазылушыларының тапсырыстарынан алынатын сәл жоғары пайыз. Бұл пайыз тұтынушыларға жазылыммен берілетін азайтылған жеткізу алымдарын өтеуге көмектеседі, сонымен бірге мекемеңізге құнды сатып алушылардың жиі келуіне жағдай жасайды. Кейбір Wolt+ нарықтарында бұл пайыздың орнына бекітілген алым төленеді. Wolt+ сіздің бизнесіңізге қалай пайда әкелетіні туралы қосымша ақпарат алыңыз →

  • Алып кету комиссиясы: Тұтынушы мекемеңізден өздері алып кететін тапсырыстардан алынатын төмендетілген мөлшерлеме. Бұл жағдайда Wolt жеткізбейтіндіктен, сіз үшін құны төмен болады.

  • Толықтыру кезіндегі комиссия: Wolt сіздің атыңыздан қайта тапсырыс бергенде (мысалы, курьер тапсырысты құлатып алса), оны ауыстыру үшін комиссия алынады. Бұл жағдайда бірінші тапсырыстың бастапқы комиссиясы бұрынғысынша алынады.

Неліктен Wolt+ тапсырыстарының комиссиясы басқа?

Wolt+ — тұтынушыларға тегін жеткізу сияқты артықшылықтар беретін жазылым бағдарламасы. Wolt+ жазылушысы мекемеңізден тапсырыс бергенде, комиссия сәл жоғары болуы мүмкін немесе келісіміңізге байланысты бекітілген алым ретінде алынуы мүмкін.

Бұл түзетілген комиссия тұтынушыға арналған азайтылған жеткізу шығындарын жабуға көмектеседі. Өз кезегінде, мекемеңіз Wolt қолданбасында көзге жиі түсіп, жиі көп тапсырыс беретін және жиі оралатын құнды тұтынушылардың өсіп келе жатқан базасына қол жеткізеді.

💡 Wolt+ қалай жұмыс істейтіні және бизнесіңізге қатысты маңызы туралы көбірек білгіңіз келе ме? Сатушыларға арналған Wolt+ туралы оқыңыз.

Wolt сатушылары алымдарының түсіндірмесі

Комиссиялардан басқа, төлем қорытындысында бірнеше басқа алым пайда болуы мүмкін. Олардың барлығы әр циклде қолданылмайды және қызметтерге, төлем әдістеріне және тапсырыстың орындалуына байланысты:

  • Платформа алымы: Комиссияның үстіне қосылатын үзінді көшірмеде көрсетілген алым. Бұл алым курьердің жеткізу шығындарына, технология платформасына және сізді тұтынушылармен байланыстыратын тұтынушыларға қолдау көрсету инфрақұрылымына қажет.

  • Айыппұлдар мен қосымша төлемдер: Бұлар тапсырыс кешіктірілсе немесе ішінде кейбір заттары жетіспесе қолданылады. Бұл төлемдердің алдын алуға болады. Олар Wolt тұтынушыларына тұрақты қызмет көрсетуге бағытталған.

Құрылғы төлемдері және шоттағы түзетпелер

Кейде төлем қорытындысынан "Өнім сатылымы" деп белгіленген жол элементтерін көруіңіз мүмкін. Бұл элементтер платформада бизнесіңізді жүргізуге көмектесу үшін Wolt ұсынған құрылғылардың (мысалы, планшеттер немесе SIM карталары) төлемін білдіреді.

Ал ең жақсысы: бұл жабдық ақысын алдын ала төлеудің қажеті жоқ. Оның орнына жабдық құны төлемдерден біртіндеп алынып отырады. Осылайша бастапқыда көп шығынданбай іс бастауға болады.

Алдыңғы төлем циклдеріндегі өзгерістерді қамтитын сатылым түзетпелері де болуы мүмкін:

  • Сатылым түзетпесі (артық төлем): Нақты сатылым көлеміңіз біз есептеген мөлшерден төмен болса, төлеміңізге өтемақы қосылады.

  • Сатылым түзетпесі (аз төлем): Нақты сатылым көлеміңіз біз есептеген мөлшерден жоғары болса, төлеміңізге ақы қосылады.

Екеуі де — Wolt-тың есеп берудегі ашықтығы мен әділ төлем тәжірибесінің бір бөлігі.

Төлем циклдері мен уақыты

Төлем циклдері келісімге және елге байланысты әртүрлі, бірақ Wolt серіктестер көпшілігі төлемдерді 5 күн, айына екі рет немесе ай сайын алып отырады. 31 күндік айларда соңғы цикл сәл ұзартылуы мүмкін. Ақпан айында соңғы цикл қысқалау болады.

Шығындар анық, операциялар сенімді

Wolt комиссиялары мен сатушы алымдары қалай алынатынын түсіне отырып, бизнесіңізді барынша бақылауда ұстай аласыз және төлем уақытында қажетсіз тосын жағдайларға тап болмайсыз. Бізге де тосын жағдайлар қажет емес. Бұл қағазбастылықтың белгісі емес, керісінше, тұтынушыларға қызмет көрсету мен бизнесіңізді дамыту сияқты ең маңызды нәрселерге көңіл бөлуіңіз үшін, істерді бірқалыпты жүргізуге қажет.

Қандай да бір ақпарат түсініксіз болса, жеке кабинетте Серікестерді қолдау қызметі ұжымына хабарласыңыз. Қызметкерлеріміз сізге бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп бере алады. Себебі бизнес иесі болғандықтан, оның қалай жұмыс істейтінін білуге құқылысыз.

Қосымша көмек керек пе?